“Қарнын жарып тастаған”: Жаңаөзенде жұмыс сұрап барған екі ер адам өздеріне пышақ тыққан

2663
Adyrna.kz Telegram
Фото: luidorbus.ru
Фото: luidorbus.ru

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам  қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.

Әкімдік ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер