Қарағандыдағы көмір шахтасында пеш опырылып, бес адам үйінді астында қалды

3286
Adyrna.kz Telegram
Фото: zhasalash.kz
Фото: zhasalash.kz

10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС аумағында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерімен жазатайым оқиға орын алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Отқа төзімді кірпіш қалауын бөлшектеу кезінде ұста-пресс цехының № 9 жұмыс істемейтін термиялық пешінде төбе құлады. Пеш күмбезінің құлауы нәтижесінде (көлемі 5х5х10 м) үйінділердің астында бес адам қалды. Олардың төртеуі қайтыс болды, біреуі 1994 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді”, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары (27 адам және 7 бірлік техника) және "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС қызметкерлері (10 адам және 2 бірлік техника) үйінділерді аршуда.

Оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік басшылары бар.

ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкімімен комиссия құрылады және жазатайым оқиғаға арнайы тексеру жүргізіледі. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер