Зеленский саммитте сөз сөйлегенде, Қытай делегациясы залдан шығып кетті

2574
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Украина президенті Владимир Зеленский Шангри Ла Диалог Азия қауіпсіздік саммитінде сөйлеген кезде Қытай делегациясы залдан шығып кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «orda.kz»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Азия зерттеулер орталығының аға саяси сарапшысы Оливия Энос өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Владимир Зеленский SLD-2022-де сөз сөйледі. Осы кезде Қытай делегациясы залдан шығып кетті»- деп жазды ол.

Еadaily басылымының хабарлауынша, Зеленский өзінің интернеттегі сөйлеген сөзінде Украинадан астық жеткізудің тоқтатылуына байланысты Азия мен Африка халқы аштыққа ұшырауы мүмкін екенін, бұл үкіметтердің құлауына әкелетінін айтты.

Унианның айтуынша, біраз уақыттан кейін, яғни Зеленский сөйлеген кезде Қытай делегациясы әлі де залдан шықпағаны белгілі болған. Шараның тағы бір қатысушысы Украина президенті Владимир Зеленский сөйлеген кезде залдан ешкім шықпағанын түсіндірді.

— Мен конференцияда болдым. Ешкім залдан шыққан жоқ, – деді ол.

Осыдан кейін Оливия Энос Қытай делегациясының демаршы туралы хабарламасы бар твиттерін өшірді.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер