Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды

2423
Adyrna.kz Telegram
Фото: rus.ozodlik.org
Фото: rus.ozodlik.org

15 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.55-те Өзбекстанның Алмалық қаласындағы «Максам-Өзбекстан» бірлескен кәсіпорнының цехтарының бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған. Салдарынан шеберхана ғимаратына зақым келген.

Оқиға орнына жақын жерде болған жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Жарылыс салдарынан қаза болғандар жоқ.

Қазір жарылыс салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер