Лариса Пактың ісіне қатысты Антикордың бұрынғы қызметкерлері күдікке ілінді

2318
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/Лариса Юн-Бойевна Пак
Фото: Facebook/Лариса Юн-Бойевна Пак
Антикор фармация комитеті басшысының экс-міндетін атқарушы Лариса Пакқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша тергеу бастады. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының бұрынғы міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Антикор.
Жедел тергеу тобы қылмыстық істі 2017-2018 жылдар аралығында тергеген. Кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
2019 жылғы 6 шілдеде осы қылмыстық іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды.
2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыс құрамының болмауына байланысты Лариса Пак толық ақталғанын мәлімдеді.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір таратылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрайды", - деді Антикор.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер