Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысындағы баяндама жарияланды

2343
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алқа отырысында Төраға О.А. Бектеновтың баяндамасының қысқаша мәлімдемесі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдығындағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім.

Тек «қаңтар оқиғасының» нәтижесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша Агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды.

Бұл санаттағы істердің саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық.

Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасуда, 167-сі аяқталды.

23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды.

Заңсыз шетелге шығарылған қаражат пен мүлікті елге қайтару мақсатында халыхаралық ынтымақтастықты күшейту керек.

Шілденің 30-ында Еуропа Кеңесінің тарапынан Қазақстанға еуропалық Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияға қосылу жөнінде ресми шақыру хаты келді.

Енді Конвенцияға қосылу үшін қажетті процедураларды қолға алатын боламыз.

Бұл конвенция шетелден коррупционерлер мен ұрланған активтерді қайтару жолындағы мүмкіншіліктерімізді кеңейтеді.

Еуропа Кеңесінің Коррупцияға қарсы мемлекеттер тобының мүшесі болу - еліміз үшін өте маңызды қадам.

ГРЕКО-ның толыққанды қатысушы ретінде алғашқы монтирингтік раундтар шеңберінде бізге берілген 27 ұсынымын орындау үстіндеміз.

Естеріңізде болар, аумақтық департаменттерге лауазымды тұлғаларды жауапқа тартқаны үшін ұпайлар қалай берілгені.

Шенеуніктің дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары ұпай берілген.

Бұл ойға сияр емес!

Құрметті әріптестер!

Коррупциямен күресеміз деп, біз бастысын ұмыттық – халықтың үнін.

Халық не деп жатыр? Халық нені талап етіп жатыр? Мұның бәрін ұмыттық.

Өткен ғасырларда жазылған Қасым ханның қасқа жолында, Есім ханның ескі жолында, Тәуке ханның Жеті жарғысында, қазіргі замандағы еліміздің Ата Заңында ең қымбат қазына – ол адам.

Сондықтан, әрбір істеген ісіміз – халыққа пайдасы бар ма, халық қанағат па, құптап жатыр ма деген бағытта болу керек.

Жұмысымыздың нәтижесі толықтай халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталу керек.

Коррупциямен күрес мүлдем өзгеше болу керек. Оны бүгін көрсеттік, талқыладық. Енді іске кірісіп тез арада нәтиже көрсететін болайық.

Жұмыс бізден, төрелік халықтан болсын, әріптестер! Назарларыңызға рахмет!

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер