“Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жыл президент болсын”. Бұл ұсынысты физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Менің білетінім – Тоқаев екінші рет сайланады, одан кейін сайланбайды. Тоқаевтан кейін де адамдар болады. Менің өкінішім – Тоқаев үш жыл уақытын біреудің астында көлеңке болып босқа өткізіп алды. Егер депутаттар осы үш жылды бірдеме қылып қосып берсе дұрыс болар еді. Тоқаевқа тиесілі 5 жылдың үш жылы өтті, енді екі-ақ жыл бар. Сосын тағы 5 жыл. Осыдан соң Тоқаев «қоштасам» деді. Конституция одан артыққа рұқсат бермейді. Мен осы 10 жыл ең болмағанда 13 болсын деп отырмын» , – деп пікір білдірді ол.
– Егер депутаттың бірі осындай ұсыныспен шықса мен қолдар едім. Ал алдыңғы Президент сияқты 30 жылға созудың қажеті жоқ. Мәңгілік ел, мәңгілік Президент деген ұғымдар дұрыс емес, – деп айтты ол сұхбатта.
“Адырна” ұлттық порталы