Путин Рогозинді қызметінен босатты

2644
Adyrna.kz Telegram

Дмитрий Рогозин енді Роскосмостың бас директоры емес. Ресей президенті Владимир Путин оны қызметінен алып тастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рогозин корпорацияда 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Енді оның орнын Ресей Федерациясы Премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Юрий Борисов алады.

Мемлекеттік корпорация басшысы ауысады деген сыбыстың шыққанына біраз болды.  Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскери-өнеркәсіп кешенін қадағалайтын Юрий Борисов «ірі өнеркәсіптік активтің» басшысы болады деп болжанған. Кеше, Мемлекеттік Думада күтілетін кездесу қарсаңында бұл қауесеттер нақтылана түсті және Роскосмос «ірі өнеркәсіптік актив» болып жарияланбақ.

65 жастағы Юрий Борисов екі күн бұрын Ресей премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл қызметте 2018 жылдың мамыр айынан бері қызмет етіп келеді. Оған қоса, Ресей Федерациясының Батыры атағы да бар.

Сонымен қатар, Путиннің жарлығымен

Денис Мантуров Ресей премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және сауда министрі болып тағайындалды.

Айта кетейік, Роскосмос — ғарыш саласын басқаратын ресейлік корпорация. Ол  Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланады.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер