“Осында жерлеймін”: Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі спортшыларға айбат көрсетті

2902
Adyrna.kz Telegram
Фото: Atr.kz
Фото: Atr.kz

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі  Жандос Байырханов спорт төрешілері мен волейбол федерациясының бас хатшысы Сырлыбаев Ермекті ел алдында балағаттап, қорқытқан. Бұл 13 сәуірде Тараз қаласында волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында өтіп жатқан 30-шы ел чемпионатында болған оқиға.

Байырханов судьялардың шешіміне наразы болды. Осыған байланысты ол көпшілік алдында балағат сөздер айтып, Сырлыбаевты:

«Егер сен осылай үкім шығара берсең, бәріңді осында жерлеймін, бұл жерден кетпейсіңдер» деп қорқытқан.

Сот қылмыстық іс қозғады. Жандос Байырхановқа «қаралау» бабы бойынша айып тағылды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселесін шешу үшін Тараз қаласының прокурорына жолданды. Ендігі жерде лауазымды тұлғаның әрекетінде бұзақылық бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғы тексерілетін болады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер