ОҢҒАР ҚАБДЕН: Бұлар Қазақстанды майшелпек етіпті

4081
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның шеттегі ақшалары қайтарыла бастады! Люксембургтен "Қазақтелеком", "Көлікке қызмет көрсету орталығы" және т.б компаниялардан 36 миллиард теңге қайтарылды. Бұның бәрі Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты компаниялар екен.

Тергеу органдарына сотталушылар 170 миллион долларды өз еркімен қайтарған. Қазақстанды майшелпек қылған олигархтарды да құстыру керек. Қазақтың байлығын атасынан қалған мұрадай тонаған Машкеевич бастаған еуразиялық топты да тексерсе деймін. Қайрат Сатыбалды, Гүлмира Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісі шетелге ақша тығу ісі бойынша ерекше бақылауда өтіп жатыр. Сондықтан көп нәрсенің ашып айтылмайтынын ескерсек, болашақта қайтарылатын миллиардтардың саны да өсе түспек.

Қазақстан соты Ресей асып қашып кеткен "Азия автоның" қожайыны Балушкиннің 77 жылжымайтын мүлігін кәмпескеледі. Құдай-ау, шығыстағы "Рахман қайнарлары"," Порт Фортуна", "Нұртау" демалыс аймақтары келімсектің меншігіне қалай өтіп кеткен?
Құзырлы органдар Айға бата жасап отырған ба?
Отыз жыл бойы бір мемлекетті жекеменшік ИП-сындай көргендер ойына келгенін істеген екен.

Пікірлер