Апелляциялық сот Боранбаевтың 5 жылдық түрме жазасына тағы 2 ай қосып берді

3350
Adyrna.kz Telegram

Кеше ұлтшыл Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбайдың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Ұлттық алауыздықты қоздырды» деген күдікпен қамалған екі блогер-белсендінің де жазасы жеңілдетілмеді. Керісінше Марғұлан Боранбайдың мерзімінің үстіне екі ай қосылды. Сөйтіп Марғұлан Боранбай 5 жыл 2 айға, Данат Намазбай 5 жылға сотталды. Апелляциялық саты блогер Донат Намазбаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2022 жылғы 14 наурыздағы Боранбаев Марғұлан Сәтпайұлына қатысты үкімі өзгертілсін және Боранбаевты (...) бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, Боранбаевқа бес жыл екі ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Данат Намазабаевқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылсын", - деді судья дүйсенбіде қаулыны жария ете отырып.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер