Адамгершілік көрсеттім: 22 жастағы қызды зорламақ болған 2 жігіттен құтқарып қалған азамат сұхбат берді

3151
Adyrna.kz Telegram

Машина алдына “Құтқарыңызшы!” деп жүгіре жөнелген 22 жастағы қызды құтқарып қалған жігіттен журналист Гүлмира Әбіқай сұхбат алыпты. Бұл туралы ол өз facebook парақшасында жариялады. 

Қызды өте бір үлкен қорқыныштан аман алып қалған Р есімді азамат инженер-құрылысшы маманы екен.

Өзін батыр санамайтын азамат, “көмектесу, құтқару” кез-келген адамның міндеті санайды.

Әрине, ең алдымен артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. Қайдан шықты? Не болды екен деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамда рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті”, – дейді азамат.

Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, “бізбен бірге жүр, жеткізіп тастайық” деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. Алайда, такси жүргізушісі айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетеді. Жігіттер сол маңдағы мүрдеге қарай сүйреген. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Қорқынышы басылған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым”, – деп жалғады ол.

“Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын, бұл жәй адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшем қылмыстан аулақ болса екен деймін”, – деп түйіндеді батыр жігіт.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер