Қазақстанда маймыл шешегін анықтайтын 1300 тест бар

2439
Adyrna.kz Telegram

Елімізде маймыл шешегін анықтайтын 1300 тест бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда бізде маймыл шешегін анықтайтын 1300 тест бар. Инфекция белгілері кездескен пациенттерді тексереміз. Ғалымдарымыз бұл ауруды емдеуге арналған клиникалық хаттама дайындап жатыр»,— деді ол.

Ведомство басшысы бірде-бір сынаманың қолданылмағанын атап өтті.

«Елімізде аурудың классикалық көрінісі әлі тіркелген жоқ»,—деп сөзін толықтырды министр.

Пікірлер