Қазақстанда Ресейдің екі жоғары оқу орнының филиалдарын ашу туралы Қаулы қабылданды

3393
Adyrna.kz Telegram
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресейдің екі жоғары оқу орнының филиалдарын ашу туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  

«MИФИ» Алматыда және Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті Атырауда орналасады.

«Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері», «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы», «Мұнай мен газды іздеу және барлау», «Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру және автоматтандыру», «Мұнай мен газды тасымалдау» бағыттары бойынша кадрларды даярлау қазан айында басталады. Осы бағыттар бойынша кадрлар даярлауға 200 грант бөлінген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер