Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірді

3345
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 

«НеМолчи.kz» қоғамдық қорының мәліметінше, зардап шеккен 27 жастағы әйел екі баланың анасы.  Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында, №38 автобуста болған. Ер адам әйелмен сөзге келіп қалғаны, кейін пышақ алып шабуыл жасағаны автобустағы камераға түсіп қалған.

Алматы Полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», – деп жазылған хабарламада.

Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер