«Заман не болып кетті?»: Алматы облысының тұрғындары асырап алған балаларын ұрып-соғып, жұмысқа жеккен

2173
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысында тұратын ерлі-зайыпты  балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерін кезектесе ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Заман не болып кетті? Балалар үйінің тәрбиеленушілерін кім көрінгенге беретін болған ба? Осы балалардың мемлекеттің асыраушысына ақша төленеді. Оларды ешкім тексермейді де! Өйткені жоғары жақпен байланысы бар ма екен? Мына балаларды ұрып-соғып, жұмысқа жегіп жатыр», - дейді Тelegram-арнасындағы видео авторы.

Жазбада балалар 18 жасқа толғанда асыраушыға жәрдемақы төлеуді тоқтататыны, ал ол өз кезегінде оларды үйінен қуып жіберетіні айтылған. Кейін қамқоршылар балалар үйінен тағы 3-4 баланы алып кетеді-міс.

Автор балалардан қай отбасында тұрғысы келетінін ешкімнің сұрап жатпайтынын айтады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін жиі соққыға жығу фактісіне қатысты ақпарат түскенін хабарлады.

«Хабарлама түскен бетте ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер уақытша «Солнышко» балалар үйіне ауыстырылды», - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Аталған дереке қатысты материалдар сотқа жолданды. Ерлі-зайыптының балаларды қамқорлыққа алуы немесе ондай құқықтан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер