Сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты күдікті ұсталды

1874
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөліміндегі әскери қызметкер Бекбол Мираштың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

ҚР ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Б.Мираштың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі бойынша – ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеуіне байланысты тергеудің барысы мен қылмыстық істің мән-жайлары туралы толығырақ ақпарат берілмейді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер