Алматыда 15 мың ит пен мысыққа чип тағады

1656
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 15 мың ит пен мысыққа чип тағады. Бұл туралы қалалық Ветеринарлық қызмет басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Электронды сәйкестендіру, яғни жануар терісі астына салынатын микрочипте 15 таңбалы бірегей нөмір болады. Бұл шара жануарлар санын есепке алуға және қаңғыбас ит-мысықтар мәселесін шешуге бағытталған.

Мегаполистің кез келген тұрғыны өзінің жануарына өтінім беру арқылы чип салғыза алады. Сонымен қатар қалада қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін қалада  6 кезекші бригада  жұмыс істейді. Бұл іске қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар да атсалыса алады.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер