Ресейдегі Қырым көпірінде жарылыс болды

2494
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі Қырым көпірінде  жарылыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жанармай цистернасының жарылуына байланысты вагондар мен пойыздар қозғалысы тоқтады. Желіде жарияланған суреттерден өрттің теміржол бойында болғанын көруге болады

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 қазан күні сағат 06:00 шамасында Таман-Керчь бағытында келе жатқан жүк пойызының вагондарының бірі өртенген. Кейін өрт басқа цистерналарға тараған.

Оқиға орнында жол қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Апат салдарынан көпірдің автокөлік бөлігінің аралығы опырылып түскен.

Ресейлік БАҚ Керчь қаласында Қырым көпіріне жете алмайтын көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына суы мен дәретханасы бар автотұрақ ұйымдастырылғанын жазады,

Аймақ билігі жеңіл көліктер үшін паром өткелін ұйымдастырмақ.

Қырым көпірі Ресейдегі ең ұзын көпір, оның ұзындығы 19 шақырым. Автокөлік бөлігі 2018 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында теміржол учаскесінің бойымен алғашқы пойыздар легі өткен.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер