“Путинге табынып, Кремльге қарап ұлитын Мухоряповке кешірім жоқ!” - журналист

3918
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaly.kz
Фото: qazaly.kz

«Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямергенқызы Facebook парақшасына Рамиль Мухоряповтың қылығына қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарды бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Ойбай, кешірімді болайық” деп жатқан қазақтарға: Мухоряпов қазақша сөйлейтін контенттің арқасында миллиондап пайда табады. Бірақ сенің тіліңді менсінбейді. Клиент тарапынан қазақша қойылған сұрақтарды артына да “қыстырмайды”. Кремльге қарап ұлиды. Путинге табынады. Ұлттық мүддеге келгенде табандылық танытатын азаматтық ұстаным керек. ”Қазақша пост жазды”, “кешірім сұрады” деп Құдды ата-бабаларың ата жауды жеңгендей, құнжыңдаса бермеңдер. Қазаққа, ұлттық мүддеге қатысты аузына келгенін айтып, сосын кешірім сұрап, “құтылып” кететіндерге сабақ болсын. Авиата, чокотрэвл, чокофуд, чоколайфми т.б қосымшаларын ұялы телефоннан алып тастаңдар, қызметінен бас тартыңдар, бойкот жариялаңдар біз сияқты. Қазақ тілін менсінбейді екен, көрейік әуселесін!”,- деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер