Украина мен Пәкістан ядролық қару жасау технологияларын талқылады

2699
Adyrna.kz Telegram

Украина мен Пәкістан ядролық қару жасау технологияларын талқылады. Бұл туралы Ресей сенаторы Игорь Морозов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Украин мамандары Пәкістанға барып, ядролық қару жасау технологияларын талқылау үшін Пәкістан делегациясын қабылдады»,—деді саясаткер «Украинадағы ядролық арандатулар: бұл кімге керек?» деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, екі ел инвестиция мәселесін шешіп жатыр.

Бұған дейін Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің басшысы Игорь Кириллов Киевтің «лас бомбаны» қолдануды көздеп отырғанын айтқан еді. Алайда бұл мәлімдемені Ұлыбритания мен Франция сыртқы істер министрлері, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы жоққа шығарды.

Пікірлер