Түркістанда екі ауыл бірдей карантинге жабылды

2435
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты екі ауыл карантинге жабылды.  Алтынтөбе ауылдық округіне орналасқан Қаржан және Қызылата ауылдарында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана телеарнасының хабарлауынша, екі елді-мекенде ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Жұқпалы аурудың белең алып, көрші орналасқан ауылдарға тарап кетпеуі үшін ауыл әкімдігі шектеу шараларын енгізген.

- Қазір сарып анықталған малды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Көпшілік өзге төрт түлігін сыртқа шығармауы тиіс. Барлығы мал дәрігерінің бақылауында болады, - делінген ресми хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер