“10 млн қазаққа ақыл айтатындай кіммін?”: Желі қолданушысы жылқы туралы шулы жазбасына жауап берді

6023
Adyrna.kz Telegram

Фейсбук әлеуметтік желісінде Серік Боқан емімді азаматтың жылқы етін жеуден қазақ халқын сақтандырған жазбасы тараған еді. Көпшіліктің ашуына тиген жазбаға  автордың өзі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жақында Facebook парақшама бір пост салдым. Бұл жазба сонша адамның назарын аударып сенсация тудыратынын ойламаппын. “Адырна” сайтында шығып, инстаграм, каналдарға, ватсап топтар мен фейсбуктың 250 мыңдық топтарының біразын аралап шыққан. Онда отырған желі қолданушыларының көбі жазған мақалаға емес, тақырыпқа ғана қараған, оқуға сабыры жетпей мені айыптай берген. Әрине, олардың әріп танып тұрып оқуға ынтықпағанына мен айыпты емеспін. Менің фейсбуктағы кейінгі бояуы қалың жазбамды көрген болу керек, сайттың жетекшісі Арман Әубәкір бауырымыз сайтқа өз ойымды қайта жазуды қолдайтынын, БАҚ тәртібі бойынша бейтарап көзқарас ұстанатынын айтыпты.

Жылқы етін жемеу туралы Қытай медицинасы, бес мың жылдық рецепті көрсетіп, оны жеуден қайтарған жарты сағаттық видеосын көріп шок болдым. Себебі, біздің ең сүйкті ас мәзіріміз. Тағы да айтамын: тұтынудан жылқы етін мен қайтарғам жоқ...

Құдай-ау, мен “жылқы етін жемеңдер”, деп 10 млн қазаққа ақыл айтатындай кіммін? Мен дәрігер болмасам, Төреғали Шарманов сияқты ұлттық азық-түліктің құрамын зерттеуші ғалым болмасам, мен тек ”медицина мамандары, лаборотория арқылы азық құрамын зерттеушілер сөйлеп, дәлелдеп жатқан соң, сендім”, дедім. Бір нәрсеге сену қылмыс емес. Себебі, нағыз ғылымда шекараға шектелу, ұлттық тар шеңберлік, нәсілдік догма болмайды. Ол адамзатқа ортақ. Егер сол видеодағы ғалым дәрігерді естісеңіз, мен емес,  сіз де сеніп қаласыз...”,- деп жазды ол.

Сондай-ақ, автор көрген видеосы арабқа түк қатысы жоқ, төте жазу екенін де айта кетті.

“Өз көзқарасымды қашанда ашық айтамын. Мысалы, “алдағы сайлауда президент болуға Тоқаевты қолдаймын” деген постыма санаулы ғана лайк басылды. Қазір желі қолданушылары біліп алған, билікке қарсы сөз жазса сұрапыл лайк жинап, қолдауға ие болатынын.

Аталмыш шулы жазбада Қытай қазағы қолданатын төте жазу мен қытайша суретті арабпен шатастырып, жөнсіз арабқұл деп айыптағандар жазбаны тағат қылып оқысын демекпін. Мұның арабпен тозаңдай қатысы жоқ. Қайта қытай ғалымдарының қортындысы.

Ал исламда жылқы етін тұтынуға еш шектеу жоқ. Осы тақырып аясында дінді арабпен шатастырып жататындар бар. Бұл үлкен қателік, дін алдымен жындар әлеміне, одан кейін адамзатқа түсті. Бір құдайшылмын, Аллаһқа серік қоспаймын, Құдайға сенем, Аллаһ тарапынан үлкен бір соттың болатынын білемін, амал етемін, Еш серігі жоқ Аллаһқа иман келтіргем. Аллаһтың шексіз нығыметтерін пайдаланып тұрып Құдайдың бұйырығын орындамау, намаз оқымау қылмыс екенін білемін”,- деді желі белсендісі.

Сонымен қатар, ол Бекболат Тілеуханды қаралап жазатындарға қапалы.

“Ел жақсыларын үнемі істікке шәншіп жатқан, ысалы тұтас ақпарат Бекболат Тілеухан ағамызды күндіз-түні қаралап жатады. Сол кісінің суретін қою арқылы каналдар мен сайттарда өтпейтін ақпараттарын теліп жатады. Ақиқатын айтар болсақ, сол кісіден зардап көрген бір адам болса, маған тауып берсінші? Қайта арақтан, құмар ойндарынан, сенгіштіктерінен, парықсыздықтан, ізгілікке ұмтылмаудан қорлық көріп келе жатқан жоқпыз ба? Алауыздықтан не таптық? Керегі жақсылықтың көзін құрту болса құртарсың, бірақ мінезіңді қайтерсің?!”,- деп қорытындылады.

Пікірлер