Жаркенттегі әкімнің резиденциясы балалар орталығына айналды

2032
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Жаркент қаласында орналасқан облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы балаларды оңалту орталығы болып қайта құрылды. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Осы жылдың наурыз айында облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденцияны балалардың қажеттіліктеріне пайдалануды тапсырды. Ғимаратты қайта жөндеуге 80 млн теңге жұмсалды. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Ол 1 гектар жер учаскесінде орналасқан. Енді жаңа оңалту орталығы монтесорри, сенсорлық, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, дефектолог және логопед, гидромассаж және массаж, емшара кабинеттерімен, акт залымен және еңбекке оқыту бөлмесімен жасақталған”, – делінген хабарламада.

Орталықты ашу облыстың бұрынғы әкімінің Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін шешілген болатын. Сол кезде ол ғимарат пен учаскені мүгедектігі бар балалардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуге көмектесетін маңызды нысанға айналдыру керектігін айтқан еді.

Пікірлер