"Қазақстанның футболы әбден шіріп, болмас деңгейге жетті" - журналист Кемелбек Ойшыбаев

2658
Adyrna.kz Telegram
Журналист Кемелбек Ойшыбаев Қазақстан футболының қазіргі сыны мен шынын сөз етіп, желіде елең еткізерлік жазба қалдырды. Автор ұлттық теңбіл доп тарландарының тынысы тарылғанына алаңдап, төрешілердің оғаш қылығына шағымданады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.  
- Қазақстанның футболы әбден шіріп, болмас деңгейге жетті. Футболды басқаратын Барменкулов бастаған функционерлермен төрешілер әділетсіздіктің көкесін көрсетіп жүр. Осы маусымда футболдық принциптерден алыс кеткені анық көрініп тұр. Футболшылардың, әсіресе шетелдің легионерлерінің қазақстанның чемпионатына сенімін түгел өлтіргендей. Бұдан былай, кім ойнағысы келеді бұл шіріген, ешқандай спорттық принциптерді ұстанбайтын чемпионатта. Өткен айда чемпионаттың соңғы ойындарында «Ақтобе» клубының қақпасына қалай өтірік пенальтилер қойып, ұпайларын ұрлағаны, «Астана» командасын шашынан тартып бірінші орынға шығарғанын жұртшылық әлі әңгімелеуде. «Астана» клубының өтірік чемпион болғанын барлығы біледі, - деп қазақ футболының күнгей тұсынан көлеңкелі тұсына қарай тура назар салады.
Кейіннен жазба авторы Қазақстан футбол командалары арасында өткен доп-додаларында өрескел жайттардың болғанын жазады.
- Бүгін Қазақстанның футбол кубогінің финалында «Астана Арена» стадионында «Ордабасы» клубымен «Ақжайық» командалары кездесті. Сол әділетсіздіктің жалғасын көрдік. Ойынның косымша уақыты бітер кезде, соңына 4 минуттай қалғанда төреші жоқ жерден ойлап тауып, «Ақжайық» клубының қақпасына пенальти қойып, «Ордабасы» командасына жеңіс сыйлады. Осындай төрешілер миллион теңгелерге сатылып, Қазақстанның футболын шірітіп келеді. Осыдан кейін қазақтың футболының деңгейі неге төмен, қазақтар неге футбол ойнау білмейді деген сұраққа жауап іздеп керегі жоқ. Кім әділетсіздікпен құртып отырғаны белгілі,  - деді К. Ойшыбаев.
Оқырмандар автордың жазбасына қатысты сан қилы пікір айты.
"Төрешілердің өте дөрекі қателіктерін мына жерде жазсам, том-том кітап болып кетеді. Көп адамдардың байқай бермейтін қателіктері, біз сияқты футболда жүргендерге қатты көрініп тұрады екен",
"Әділетсіздік тек футболда ғана емес. Кейбір жарыстарды ұйымдастырушылар барлық облыста өз спортшыларына бұра тартады. Мұндай жағдай естуімше бұрынғы кеңестік республикаларға тән нәрсе екен",
"Жемқорлық әбден бойларына, қандарына сіңіп кеткен ғой , кім болса, сол халықты тонап отырғанын бүткілі біледі",
"Тек қазіргі таңда емес қой, бұрыннан да сол өтірік футболмен айналысып келе жатыр ғой. Еуропа бақылаушылары Қазақстанның құрамасы ойнағанда ғана көз салады да, ал ішкі чемпионатқа көңіл бөлмейді. Олар жанкүйерлерден шағым түссе, сол футбол ойынын сараптама жасап үкім шығарады. Сосын әлгі әділқазы жүйелерін бытыратып жіберу олардың қолынан келеді. Негізінде Қазақстанның футболы отпен ойнап жүр" деп жазды оқырмандар.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер