Ыстамбұлда РФ консулдығы маңында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

2386
Adyrna.kz Telegram

Ыстамбұл орталығында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ыстамбұлда Ресей консулдығы маңындағы Истикляль көшесінде жарылыс болып, адамдар зардап шекті" – делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдың орталығындағы жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 38 адам зардап шекті. Бұл туралы Стамбул губернаторы Әли Ерликая өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.

Пікірлер