Ресей Қазақстаннан жұмыртқа сұрады

1242
Adyrna.kz Telegram

Ресей тарапы Қазақстанның сауда желілеріне тауық жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук екіжақты сауданың өзекті мәселелерін талқылады.

«Ресей тарапы қазақстандық тарапқа олардың сауда желілеріне тауық жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді. Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені тез арада қарастырып, Ресейдің шекаралас облыстарына қазақстандық өнімдерді жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін табуды тапсырды. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде шешім қабылдауда икемділік қажет екені атап көрсетілді», - делінген хабарламада.

Үкімет 2022 жылы Қазақстандағы отандық құс фабрикаларын жұмыртқамен қамтамасыз ету деңгейі халықтың сұранысының 102 пайызын құрайтынына сендірді. 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресей, Ауғанстан және Қырғызстанға 186,6 миллионға жуық тауық жұмыртқасын экспорттады.

Пікірлер