“Диплом таратумен айналысады”: Қазақстанда 5 университет жабылуы мүмкін

2445
Adyrna.kz Telegram
фото: ОКҚ
фото: ОКҚ

Сапасыз білім беріп, тек диплом таратумен айналысқан еліміздегі 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 

“Соңғы 2-3 жылда диплом тарататын университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргіздік. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау”, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қуаныш Ерғалиев аталған жоғары оқу орындарында нақты қанша студент барын айта алмады.

«Онда қанша студент білім алып жатқанын айта алмаймын. Алайда әр университетте шамамен 2-3 мың студент білім алады деп есептесек, онда 10 мың студент болуы мүмкін», - деді вице-министр.

Пікірлер