Енді оқушылар сабақта смартфонды 30 минуттан артық пайдалана алмайды

3048
Adyrna.kz Telegram

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚазАқпараттың хабарлауынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған.

«Мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы - 25-30 минут. Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы керек. Аталған бұйрықтың 21-тармағына қосымша «объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жай сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады» делінген редакция жазылсын» деп көрсетілген құжатта.

Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:

- мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды;

- 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды;

- 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды;

- 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды;

- 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер