Қазақстанның 727 мектебінде балалар қызылша жұқтырған

1398
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстанның 727 мектебінде балалар қызылша жұқтырған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 727 мектепте қызылшаның 1444 жағдайы тіркелген. Бұл ретте алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2565 байланысушы адам екпе алды, сонымен бірге 1552 ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты, 538 баланың медициналық кейінге шегеруі бар»,—деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша ауруының еліміздің барлық өңірінде тарағанын мәлімдеген еді.

Пікірлер