Ильхам Әлиев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2120
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары сондай-ақ қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер