"ҚазАгроҚаржы" филиалының бұрынғы басшысы өз-өзіне қол жұмсады

2184
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы "ҚазАгроҚаржы" филиалының бұрынғы топ-менеджері Ержан Ұстаев көлігінде өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы “Время” басылымы жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 

Басылымның жазуынша, оның суицид жасауына қызметінен кеткен соң туындаған қаржылық қиындықтар себеп болуы мүмкін.

“Талдықорған қаласындағы "Көктем" шағын ауданында өтіп бара жатқандар сағат 12:30-да Ержан Ұстаевтың  жансыз денесін тауып алған. Алматы облысындағы "ҚазАгроҚаржы" филиалының бұрынғы топ-менеджері болған азамат алдын ала болжамдарға сәйкес өзінің Toyota Hail Lux көлігінде тапаншамен өзін атып өлтірген”,- деп жазылған.

Марқұмды "ҚазАгроҚаржы" жүйесінен жұмыстан шығарылғаннан кейін басталған қаржылық қиындықтарға төтеп бере алмады деген де болжамдар бар.

Қазіргі уақытта суицидке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Ұстаев 4 қыркүйекте 47 жасқа толған.

Пікірлер