2022 жылғы журналистерді тұтқындау дерегі рекордтық көрсеткішке жетті

2591
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық "Шекарасыз репортерлар" ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылы күллі әлемде 533 журналист ұсталып, 57 маман қаза тапқан. Мексика осымен төртінші жыл қатарынан БАҚ қызметкерлері үшін ең қауіпті ел ретінде танылды. Мексика жерінде 11 журналист өмірімен қоштасты. Мұндай деректер жайлы "Адырна" ұлттық порталы "Forbes.ru"-ға сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Әлем бойынша 2022 жылдың 11 айында 533 журналист ұсталған. Көрсеткіш өткен жылдан 13,4%-ға жоғарлап, рекордтық межеге жетті. Мұндай деректерді халықаралық "Шекарасыз репортерлар" ұйымы (RSF) жыл сайынғы есеп беру отырысында ұсынды.

Журналистердің басына ең көп бұғалық салған ел -  Қытай. Қазір Қытайда 110 маман қамауда отыр.

"Цензурасы мен бақылауы экстремалды деңгейге жеткен Қытай әлі күнге дейін журналистер үшін әлемдегі ең ірі түрме болып қала береді",-деді RSF мамандары.

Ұсталған, қамалған, қудаланған журналистер саны бойынша екінші орында — Мьянма мемлекеті, онда 62 БАҚ қызметкері қамауға отыр. Одан кейін Иран (47), Вьетнам (39) және Беларусь (31) елдері журналистерге қысым көрсетуде көпті озды. Ресей сақшылары, ұйымның мәліметі бойынша, 18 журналисті қамаған.

Биылғы ұсталған кәсіби БАҚ қызметкерлерінің кәсіби қызметіне 15%-ы әйелдер (78 журналист). Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. RSF өкілдері бұл көрсеткіштің де рекордқа айналғанын айтып отыр. Мамардардың айтуынша, бес жыл бұрын әлем бойынша ұсталған әйел  журналистердің үлесі 7% - дан аз еді.

"Шекарасыз репортерлердің" сөзіне сексек, қазір әлем бойынша кемі 65 журналист пен өзге де БАҚ қызметкерлері кепілге алынған. Екеуі хабар-ошарсыз кеткен. Биылдыққа қасақана өлтірілген ақпаратшылардың да саны өскен.  57 адам. Сандық статистика 2021 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық.

Сонымен қатар, RSF өз есебінде журналистердің тағдырына қатысты елді дүр сілкіндірген қадамдарды, бұл жылдағы оқиғаларды да атады. Оның арасында "Ведомости" және "Коммерсант" журналисті, "Роскосмос" басшысы Иван Сафроновтың тағдыры бар. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қатаң режимдегі колонияға тоғытылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұл үкім де жыл тарихында журналистер үшін ең ауыр оқиға болып қалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер