БАҚ өкілдері арасында өткен шахмат турнирінің қорытындысы

1477
Adyrna.kz Telegram

Елордада екі айға созылған командалық шахматтан БАҚ өкілдері арасындағы чемпионат өз мәресіне жетті. Алғашқы маусымның шешуші ойындары өтіп, «Адырна» командасы жеңіске жетті.

БАҚ лиганың басқа бәсекелерден айырмашылығы – мұнда тек БАҚ өкілдері қатыса алады. Алғаш 2016 жылдың желтоқсанында басталған жобаға бүгінге дейін 70-тен астам БАҚ редакцияларынан 1000-ға жуық БАҚ өкілдері қатысты.

БАҚ өкілдері арасында алғаш рет өткен командалық шахмат чемпионатына еліміздің әртүрлі журналистерінен құралған 6 команда қатысты. Топтық турнирдің нәтижесінде жартылайфиналға жолдама алған 4 команда белгілі болды. Олар: «Қазмедиа» орталығы, «Dıxınews.kz» сайты, «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Адырна» ұлттық порталы.



Командалық шахматтың классикалық
шахматтанерекшелігі – мұнда бір тақтада 4 ойыншыданбөлінген екі команда ойнайды. Партия 36 жүрістен тұрады. Алғашқы 12 жүрісте ойыншылар бір-бірімен ақылдаспай, кезегімен жүреді. Келесі 12 жүрісте өзара талқыласуға мүмкіндік алады. Егеросы аралықта да жеңімпаз анықталмаса, ондасоңғы 12 жүріс болып, ойыншылар бір-біріменақылдаспай жүреді. Әр команда құрамында кем дегенде бір әйел журналист болуы керек.

Топтық турнирдің қорытындысы бойынша, плей-офф кезеңіне 4 команда шығып, жартылайфиналда «Qazaqstan» теле-радио корпорациясы«Қазмедиа» орталығын 19:16 есебімен жеңді.

«Адырна» ұлттық порталы «Dixinews.kz» сайтынан 21:15 есебімен басым түсті.

Ал бас жүлдеге «Адырна» мен «Qazaqstan» ұлттық арнасы таласты.

Аса тартысты өткен ойын портал ұжымының жеңісімен аяқталып, 21:17 есебі тіркелді.

Ал қола жүлде үшін таласта «Dixinews.kz» командасының жолы болды. Есеп – 19:15.

Сондай-ақ, маусымның үздіктері де марапатталды:

Үздік капитан – Марат Закария (Qazaqstan)

Әйелдер арасындағы үздік – Лашын Жанарбек(Dixinews.kz)

Ерлер арасындағы үздік – Жанболат Төрешов (Қазмедиа)

Құрмет номинациясы – Асқар Беков (Адырна)

«Чемпион болдық, турнирдің «Мырзасы» да атандық, тіпті «Құрмет» номинациясын да алдық. Не керек басқа? Енді Еуропаға кете беругеболадыBaqliga шахмат турнирі екі ай дегендемәресіне жеттіАрман Әубәкір бастаған «Адырна» командасы үздік атанды. ФиналдаQazaqstan телеарнасын жеңдік. Негізгі фаворит қарсылас Kazmedia еді, олардың асығы алшысынантүспеді. Әзиз Жұмаділ мықты шоу-турнир ұйымдастыра алды. Келесі маусымда командаларсаны бұдан да көп болары сөзсіз, әріптестер, осы бастан дайындалыңыздар», деп әлеуметтік желідежазба жариялады команда ойыншысы Асқар Беков.

БАҚ лига аясындағы футбол, волейбол чемпионаттарын білетінмін. Бұлардың қатарына шахмат та қосылды. Бұл дегеніміз, журналистер барынша жан-жақты және салауатты өмір салтын қолдап жүреді деген сөз. Өзім де БАҚ лиганың футбол турнирлеріне қатысқанмын. Атмосферасын сезініп көргенмін. БАҚ өкілдерінің арасында достық көпірін орнатып жүргеніне көз жеткізгенмін, деді чемпионаттың марапаттау рәсіміне қатысқан ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

Айта кетейік, БАҚ лиганың командалық шахматтан бірінші маусымының басты ақпараттық қолдаушысы «Адырна» ұлттық порталы. Агенттік басшысы, команда жетекшісі Арман Әубәкір жоба жайлы:

«Baqliga ұйымдастырған шахмат жарысы кереметдеңгейде өтуде. Эмоцияға, стресс пен қуанышқа толы тартысты ойын өтіп жатыр. «Адырна» ұлттық порталы да осы ойынға өз командасын қосып жатыр, сондай-ақ ақпараттық демеушілердің қатарында. Яғни біз де сайысқа өз үлесімізді қосып жатырмыз. Осындай мәнді әрі қызықты ойындарболашақта ары қарай жалғасын табуына тілектеспіз», деп пікірін білдірді.



«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер