Астанада 25-26 қаңтар күндері өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтеді

2403
Adyrna.kz Telegram

2023 жылғы 25-26 қаңтарда Астана қаласының «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өңірлік мерзімді басылымдарының жұмыс деңгейін арттыруға арналған форум өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, медиа кеңістіктегі мемлекеттік тіл мәселесі, конвергентті журналистика, басылымдардың сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту, оларды оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері талқыланады.

Форумның қатысушысы баспа БАҚ саласында тың тәжірибелермен танысып, кәсіби идеялар тыңдайды.

Сондай-ақ журналистік зерттеу жазу, әлеуметтік желілер мен сайттарды сауатты жүргізу, редакцияның жұмыс деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіреді.

Пікірлер