Сайрагүлдің уақытша құжаты уақытша созылды

1709
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталы қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың уақытша құжатының мерзімі аяқталғанын айтып, мәселе көтерген болатын. Бүгін Сайрагүлдің уақытша құжатының мерзімі тағы да үш айға ұзартылыпты. Бұл туралы әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза жариялады. Нағашыбай Есмырзаның парақшасында видео үндеу жолдаған Сайрагүл бүгін кешке куәлікті алатынын айтуда.

"Құрметті Қазақ Елі. Бүгін 28 қаңтар Алматы облыстық көші-қон комиссиясына келдік. Менің пана іздеуші тұлға куәлігімнің мерзімі осы 25 қаңтар күні біткен болатын. Соны ары қарай тағы да 3 айға созу туралы жұмыстармен келдік. Бұл жердегі жауапты Әсем Әнуарбекқызы пана іздеуші тұлға куәлігімнің мерзімін үш айға ұзартып беретінін, кешкі сағат 17:00-де келіп алу керектігін айтты" дейді Сайрагүлдің өзі.

Күллі Қазақ Елі Сайрагүлге тезірек азаматтық беріліп, төлқұжатпен суретке түскен күнге тезірек жетуіне тілектестігін білдіруде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер