Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары екі елде 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады

3021
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан мен Қазақстан өз азаматтарының екі ел аумағында өзара болу мерзімін бес күннен 30 күнге дейін ұзартты. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы миграция агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 2000 жылғы 7 шілдедегі "Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы" өзбек-қазақ үкіметаралық келісіміне екі ел азаматтарының ел аумағына келу, болу және кету тәртібіне өзгерістер енгізілген.

"Енді Өзбекстан азаматтары шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Қазақстанда тіркеусіз бола алады", - деп жазылған агенттіктің Telegram-арнасында.

Бұған дейін бұл мерзім бес күннен аспайтын. Енді қазақстандықтардың Өзбекстанда болу мерзімі де ұзартылды.

Бұл ретте екі елдің азаматтары 30 күннен аспайтын мерзімге, барлығы 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде 90 күнге визасыз өзара сапар жасай алады, деп ақпарат таратты баспасөз қызметі.

Пікірлер