Тағылымды кездесу өтті

2729
Adyrna.kz Telegram

7 ақпан күні  Тұран университеті «Журналистика және аударма ісі» кафедрасында мықты медиа-менеджер,танымал  журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Нұржан Жалауқызымен кездесу өтті.

40 жыл ғұмырын отандық БАҚ-тың дамуына арнаған Н.Мұхамеджанова болашақ әріптестеріне журналистика саласының қызықтары мен қиындықтарын баяндап, еңбек жолында есте қалған елеулі оқиғалармен бөлісті. Бас қосуда журналистика мамандығының білім алушылары танымал журналистке өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тағылымы мол дәріс алды.

Кездесудің соңы қазақ медиа саласының майталманы Нұржан Жалауқызының «Медиа- менеджер» атты жаңа кітабының таныстырылымымен жалғасты. Бұл жинаққа журналистің әр жылдары басылым беттерінде жарық көрген мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.

 

Тұран университеті,

"Журналистика" мамандығының студенті

 Сымбат НАУХАН

Пікірлер