Түркияда тағы 2 қазақстандық іздестіріліп жатыр

3666
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалған Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы. Бұл туралы Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мируспен бірге оның үш әріптесі де байланысқа шықпай қалды: Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова, Kubilay Keskin.

Егер бір ақпарат болса, +7(702)430-20-21 нөмеріне жазуларыңызды сұраймыз», - деп жазды Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін Хатай қаласына өз бара жатыр. Astana Hub басшысы олардың орналасқан жері туралы бірнеше ілгек барын айтуда.

Еске салайық, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті. Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер