Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30 мыңға жуықтады

2112
Adyrna.kz Telegram
Өкінішке қарай, Түркияда зілзала салдарынан демі үзілгендердің саны күн сайын артып отыр.  Елдің 10 аймағын қоса алғанда зардап шеккендер саны 29 605 адамға жетті, апат аймағынан 147 934 тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Деректерді Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою басқармасы (AFAD) жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия және Ракка провинцияларында 3,5 мыңнан астам адам ажал құшқан.

Тұманды кездерде дүние-мүлікті қармап қалуды ойлағандар да ұсталып жатыр. Түркияның "Anadolu" агенттігінің хабарлауынша құқық қорғау органдары тонау және телефон алаяқтық жасады деген күдікпен 98 адамды құрықталған.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер