Желіде тараған Оралды Ресейге беру туралы ұсынысты полицейлер қылмыс деп санамады

2674
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстан полициясы Оралды Ресейге беру туралы ұсынысты қылмыс деп санамайды. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"2023 жылғы 14 ақпанда "УН" сұрауына жауап ретінде полиция қызметкерлері видеоға қатысушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу олардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлады. Полицияның түсіндіруінше, сараптама бұл мәлімдемелерде сепаратизм және ұлтаралық алауыздық туғазытаны белгілер таппаған", – деп хабарлады басылым.

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында блогер мен чат-рулеткадағы ер адамдар арасында диалог болған. Блогер видеода өзін Ресей азаматы ретінде таныстырып, үш оралдыққа  Орал мен облыс аумағын Чапаево кентіне дейін Ресейге беру керек деп мәлімдейді.

"Оралды бірінші кезекте алыңдар, тек қолға автомат берсеңдер болды. Чапаевоға дейін алыңдар. Қабылдасаңдар болды, біз бәріміз сонда барамыз. Бүкіл Қазақстанды сүйреп апарамыз. Біз баяғыдан бері дайынбыз, тек күтіп отырмыз",  – дейді БҚО тұрғындары.

Бұл видео тарап, көптің ашуын да туғызады. Көп ұзамай полиция видеодағы азаматтардың ұсталғанын мәлімдейді. Алайда, көп ұзамай босатылады.

"Олар жаңа видео жазып, желіде тараған видеода айтылған сөздер үшін кешірім сұрады . Бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, яғни кешірім сұрағаннан кейін олардың барлығы үйлеріне жіберілді", – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, сараптаманы Ақтөбе өңіраралық сот сараптамасы РМҚК филиалының ҚР ӘМ ССО сарапшылары жүргізген.

Пікірлер