Депутаттыққа үміткер бір күнге Астаналық базарда сатушының орнына тұрды

2533
Adyrna.kz Telegram

«АМАНАТ» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова “Шапағат” базарына барып, халықтың мұң-мұқтажын біліп қайтты. Бұл турплы ол Facebook парақшасында да жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Азық-түліктің қымбаттығы, басыбайлы баспананың жоқтығы, еңбектің ауыр жағдайлары – бұл «Шапағат» базарының сатушылары мен келушілерінің маған айтқан мәселелерінің кейбіреуі ғана.

Әрине, мұның бәрі мен үшін жаңалық емес. Себебі аталмыш проблемалармен қазір әрбір қазақстандық бетпе-бет келіп отыр. Әсіресе бағаның өсуін мен өзім дүкенге барған сайын немесе тоңазытқышты ашқан сайын сезінемін. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыз азаматтардың сұраныстарына, олардың күнделікті қажеттіліктеріне негізделген”, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Динара базар сатушыларына көмектесті. Одан бөлек, халықтың мәселелеріне бей-жай қарамау керегін айтып, әріптестерін челленджге шақырды.

“Кездесулер аясында айтылған әрбір мәселені мен жан-тәніммен қабылдаймын. Адамдар өздерінің қиындықтары туралы шешімін табады деген үмітпен айтады. Мен бұл үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға міндетті екенімді сезінемін.

Менің ойымша, біз қандай позицияда болсақ та, сақталуы қажет ең басты нәрсе – басқалардың проблемаларына бей-жай қарамау, өз қаласы үшін, өз елі үшін жанашырлық таныту болып табылады.

Сондықтан да біздің Amanat Partya-сында осындай жанашыр адамдардың көп екендігіне қуаныштымын. Жастар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар өздерінің білімдері мен тәжірибелерін биліктің өкілді органдарында қолдануға мүмкіндік алды.

Бізге тек Сіздердің қолдауларыңыз қажет! Нар тәуекел! Мен әріптестерімді осы форматты қолдауға және челлендж түрінде жалғастыруға шақырамын”, - деп жазды Динара Сәдуақасова.

Пікірлер