«Ауыл» партиясының кандидаттары Астана жұмысшыларымен кездесті

735
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еңбек ұжымының мүшелеріне түсіндірді.

«Тәуелсіздік алған 30 жыл бойы, оның ішінде соңғы 2-3 жылда азық-түлік бағасы өсуде. Бұны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан «Ауыл» партиясы халықтың табысын, әлеуметтік қызметтердің, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сапасын арттыруға ниетті. Сондай-ақ, біз ана тілді нығайтуға, халықтың рухын жандандыруға және қазақстандықтардың санасын жаңғыртуына  өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деп атап өтті Николай Арсютин.

Сонымен қатар кездесу аясында кандидаттар қалада өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту сияқты тақырыптарды көтерді. Үгіт-насихат тобы қазақстандық қоғамда отбасының, ана мен жастардың рөлін арттырудың маңыздылығын мәлімдеді. Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселені түбегейлі шешуге болатынын айтып, іс-шараны қорытындылады. Жұмысшылар болса «Ауыл» партиясының бастамаларын қолдады.

Астана электротехникалық зауытының қызметкерлерімен кездесуден кейін кандидаттар Астана қаласының №2 бір мандатты сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды штабына барды.

«Бүгін партиялас кандидаттармен партияның алдыңғы сайлауда жинақтаған тәжірибесіне және осы үгіт-насихат науқанының басында сайлаушылардың бөліскен пікірлері мен ұсыныстарына сүйене отырып, алдағы уақытқа нақты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тактикасын талқыладық», - деді Төлеутай Рақымбеков.

Материалдың ақысы «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікірлер