ЖСДП Түркістан сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді

2079
Adyrna.kz Telegram

2 наурызда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Абдукамал Ашимбеков «Кентау Трансформатор Зауыты» АҚ жұмыскерлерімен, сонымен бірге Түркістан облысы сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кандидат жиналғанқауымға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады. Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа Еңбек кодексін қабылдау туралы тармақ бар екенін атап өтті: аталмыш құжатта еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің толық теңдігі қамтамасыз етілетін қағидат бар. Сонымен бірге Абдукамал Ашимбековөз сөзінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша аталмыш өңірдің артта қалып жатқандығына тоқталды.

Пікірлер