"Мен қазақша сөйлемесем, балам ешқашан ана тілінде сөйлемейді" - Ұлттық әйелдер кеңесінің төрағасы

2813
Adyrna.kz Telegram
"Баланың қазақша білмеуі қасірет". Тіл тағдыры мен ел тағдырына қатысты өз ұстанымын "Сарасөз" бағдарламасында Ұлттық әйелдер кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанай кесіп те көсіп те айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Перзент тағдырына ғана емес, ұлт тағдырына аса жауапкершілікпен қарауды мұрат еткен қарапайым қазақ әйелі, Ұлттық әйелдер кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанай "Ананың тілінің баланың тіліне" айналатынын ескертіп, ұлт ұйытқысын сақтайтын, алдымен,  бесікте бала бөлеген аналар екенін мәлімдеді. Cондықтан әрбір бала тәрбиелеген ата-ананың мойнында зор жауапкершілік бар екенін ескертті.
-  Әр отбасының анасы мен әжесі сол шаңырақтағы қазақ тілінің ұстазы болмаса, балалар ана тілінде сөйлемейді. Менің өз өмірім соған дәлел. Мен ана болғанда бір дүниені ұқтым. Егер мен сөйлемесем, менің балаларым ешқашан ана тілінде сөйлеп кетпейді, - деді бағдарлама қонағы.
О0ырмандар отбасын ғана емес, ұлтын ойлаған анаға қатысты:
"Ұлы үшін емес ,ұлт болашағы үшін алаңдаған Елжанды ана!  Орысқа табынатын кезді қою керек. Не қазақ емес, не орыс емес, дүбара ұрпақтың болашағы бұлыңғыр", "Келісем, 100% анасының тілі қандай болса, баласыңың тілі солай шығады. Ана елді тәрбиелейді, әке ерді тәрбиелейді деген екен", "Өзінің тілін менсінбейтін, балаларымен, немерелерімен орысша сөйлесетін, соны мақтан көретін ата-аналар, ата- әжелер балаларының болашағын ойламайтындар, тілдің, жердің, елдің киесінен қорықпайтындар! Қазақтың жерінде тұрып, суын ішіп, нанын жеп, тілі керек емес деп санайтын тексіздер!" деп жарыса жазды.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер