«Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

2187
Adyrna.kz Telegram

«Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп ххабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды»,—делінген хабарламада.

Пікірлер