Шетелдік дипломаттар ҚР Парламенті Мәжілісіне алдағы сайлауға дайындық барысымен танысты

1760
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері үшін алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауға арналған бірлескен дәстүрлі брифинг өткізді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау Қазақстан үшін еліміздің қазіргі тарихындағы ең өзгермелі кезеңдердің бірін белгілейтін маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ алдағы сайлау демократия жолында тағы бір қадам болатыны сөзсіз деп қосты.

 

Сөз сөйлеу барысында дипломат ішкі және сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» формуласына адал екендігінің айқын көрінісі болып табылатын реформалардың іске асырылғаны туралы айтты. Осылайша, ол үздіксіз прогресс пен оң өзгерістерді қамтамасыз етуге ниетті, оған оның өткен жылы басталған реформалардың бүкіл кешені дәлел бола алады.

 

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы сайлауға дайындық туралы айтып берді.

Брифингке қатысушыларға арнаған сөзінде Ортсайлауком басшысы ағымдағы сайлау науқаны соңғы 10 айда төртінші болып табылатынын, біз Конституцияға, ҚР Президентін, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткіздік деп мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясының барлық күш-жігері Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлау өткізуге бағытталған деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар ОСК басшысы 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалғанын еске салды. Ол ресми түрде бұл сайлау кезектен тыс болғанымен, Мемлекет басшысының 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған сайлау науқандарының кестесіне сәйкес өткізілетінін атап өтті.

Ол сондай-ақ осы сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша жүргізіліп жатқанын атап, дипкорпусты сайлау заңнамасындағы елеулі өзгерістер туралы хабардар етті, оның ішінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалдық-мажоритарлық модельге көшкенімізді, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасының жойылғанын және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық палаталардың бірі қалыптастығына, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге ауыстырылғанын атап өтті.

Нұрлан Әбдіров Қазақстанның тұрақты сайлау дәуіріне еніп жатқанын, осыған байланысты аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібиленуі сияқты жаңашылдықтың маңызы зор екеніне ерекше тоқталды. Осыған байланысты сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің барлық қатысушыларын оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта ОСК өңірлерде оқыту семинарларын ұйымдастырады. Аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялардан басқа, саяси партиялардың, БАҚ, ҮЕҰ, жастар, мүгедектігі бар адамдар мен колл-орталықтар қызметкерлерінің өкілдері де оқытудан өтеді.

Ортсайлауком Төрағасы сонымен қатар ОСК 18 ақпанда сағат 18.00 – де еліміздің барлық 7 саяси партияның Парламент Мәжілісіне кандидаттардың партиялық тізімдері тіркелгенін, оған 281 кандидат енгізілгенін, оның ішінде 107 адам - әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, олар заңнамаға сәйкес кемінде 30 процентті құрауы тиіс екенін қысқаша баяндады.

 

Нұрлан Әбдіров бірмандаттық округтер бойынша Парламент Мәжілісіне 13 наурыздағы жағдай бойынша 385 кандидат тіркелгенін хабарлай отырып, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы дипломаттарды хабардар етті. Ең үлкен бәсекелестік Астана және Алматы сайлау округтерінде байқалды, ол бір мандатқа 38 және 40, сондай-ақ 30, 28 және 27 кандидатты құрайды. Тіркеу қорытындысы бойынша ең аз бәсекелестік Түркістан облысының №25 округінде - бір мандатқа 4 кандидат.

 

ОСК Төрағасы өз сөзінде сайлау алдындағы үгітті өткізу туралы да айтты, ол сайлау алдындағы үгіт 18 наурызда сағат 00.00-ге дейін жалғасатынын хабарлады. Кандидаттар мен саяси партиялар үшін үгіт жүргізу үшін БАҚ-қа қол жеткізудің тең шарттары және бағдарламалармен сөз сөйлеу үшін қаражаттың тең бөлінуі берілген. 1 және 10 наурызда саяси партиялар ұйымдастырған «Qazaqstan» және КТК телеарналарының тікелей эфирінде сайлау алдындағы пікірсайыстар өтті. 16 наурызда Ортсайлауком ұйымдастырған сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді.

 

Орталық сайлау комиссиясы ашық режимде жұмыс істейді, сайлау тағайындалған сәттен бастап барлық отырыстар жариялылық және қолжетімділік жағдайында өтеді, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады, сурдоаудармасы бар интернет-ресурстарда тікелей трансляциялау арқылы отырысқа қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Барлық отырыстарға халықаралық байқаушылар шақырылады. Әрбір отырыстың қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының қабылданған шешімдерін түсіндіру мақсатында брифингтер өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында телеграмм-арна және сайлау жөніндегі арнайы бөлім жұмыс істейді. Сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

 

Халықаралық ынтымақтастық аясында Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы халықаралық институттармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өтті.

 

Ол ЕҚЫҰ ДИАҚБ 3 наурызда жарияланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау бойынша аралық есеп дайындалғанын хабарлады. Сондай-ақ 11 наурызда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының дайындалуын байқау барысы туралы аралық есебі жарияланды.

 

ОСК басшысы өз сөзінде халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 13 наурызда аяқталғанын атап өтті.

 

Орталық сайлау комиссиясы 793 байқаушыны, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ ПА, ТМД ПА, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Түркі мемлекеттері ұйымдары, ТүркПА, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясы, сондай-ақ 41 шет мемлекеттен байқаушылар Миссиясының өкілдерін аккредиттеді.

 

ОСК Төрағасы екіжақты ынтымақтастық желісі бойынша сайлауды байқау үшін 16 елдің Орталық сайлау комиссияларының өкілдері, оның ішінде Әзірбайжан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары келетінін айтты.

 

Нұрлан Әбдіров дипкорпусқа Қазақстан Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауды байқауға қатысу ниеті үшін алғыс айтып, ОСК сайлау процесін өткізу рәсімдерінің барынша ашықтығы мен демократиялылығын қамтамасыз ететініне сендірді.

 

Шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының алдағы дауыс беруді ұйымдастыруға және сайлауды байқау процесіне қатысты көптеген сұрақтарына толық жауап алды.

 

Пікірлер