Демалыс орталықтары Наурыз мейрамын тойлады

2365
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен демалыс орталықтарының «Наурыз мейрамы» мерекесі өтті.

Іс-шараны ЖСДМҚ директоры Кажденбек Азиз Оралбекұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Мереке қазақ халқының салт-дәстүрлерінің элементтерімен сахналық қойылым форматында өтті. Қонақтар "Дәлел", "Ритм", "Тұмар", "HelloART", "Атамұра" демалыс орталықтары және т.б. сияқты би ұжымдарының халықтық және мерекелік қойылымдарын тамашалай алды. Сондай-ақ, "Сәулем-ай", "JasTolqyn", "Семиречье", "Достар" және т.б. орындауындағы халық әндері ұсынылды.

Мереке барысында қонақтарды "асық ату", "арқан тарту", "қол күрес", "тоғыз-құмалақ", "шеңберден шығару"сияқты түрлі спорттық-ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар грамоталармен және шағын сыйлықтармен марапатталды.

"Taga Art Media" мен "Жас Динамо" демалыс орталықтары "Қош келдің, Наурыз!" атты қойылымдармен және өздерінің кәсіби таланттарымен қонақтарды қуантты.

Мерекедегі басты тағам дәстүрлі "Наурыз көже" болды, қонақтар мереке барысында көжеден дәм тата алды. Мерекенің барлық қатысушылары риза болып, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды.

Пікірлер