Шахтинскіде жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

2845
Adyrna.kz Telegram

Шахтинскіде көңіл көтеру орындарының бірінің маңында жаппай төбелес болып, оқ атылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«22 наурыз күні сағат 23:50 шамасында полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы түнгі көңіл көтеретін орындардың бірінің маңында кикілжің болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына тез арада сол маңға жақын патрульдік полиция жасағы жіберілді. Белгісіз адамдардың қатысуымен төбелес болып жатқаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттерді және ауыр зардаптарды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерінің бірі аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді»,- деді басқарма.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне "Бұзақылық" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер