Сайлауда жеңіске жеткен Стамбеков негізсіз айыпқа шағымданды (ВИДЕО)

2378
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков сайлауда жеңіліс тапқан депутаттыққа үміткер Санжар Боқаевтың тіл тигізгенін айтып, қорлады деп шағымданып бейнеүндеу жасады. Айтуынша, қазір оған жалған сөз, жала жабу, қорлау сипатындағы негізсіз сөздер таңылған. Мақсаты белгілі, сайлау нәтижелеріне күмән келтіру, жеңісін жоққа шығару.

«Бұл күндері маған қарапайым азаматтар, сайлауда маған дауыс берген менің сайлаушыларым үндемей қалмауды және осы өтірік пен фактілердің ашық бұрмалануына жауап беруді сұрайды. Өкінішке қарай, сенімді адамдарым барлық учаскеде болғанына қарамастан (ал Боқаевтың еш жерде болмаған сенімді адамдарынан айырмашылығы), менің штабым барлық хаттаманы алған жоқ. Тіпті қолымдағы барларының өзі менің таза жеңісімді дәлелдейді», - деді Стамбеков.

Стамбеков 1999 және 2004 жылдары бір мандатты округтен сайлауға қатысқан, тәжірибелі адам ретінде әліптің артын бағуға, нәтижемен келіспейтіндерге ойын айтуға, хаттамаларды тексеруге және жеңілісті мойындауға мүмкіндік бергенін айтты. Сөз соңында қасиетті Рамазан айында қарсыласына нағыз ер адамға лас ойынды тоқтатып, жеңілісті мойындауға шақырды.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер